"Математикалық регата" атты танымдық ойын

Дата: 2022-01-28 16:45:44

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Балқаш қаласы білім бөлімінің "Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі" КММ-де "МАТЕМАТИКА АЙНАЛАМЫЗДА" математикалық сауаттылық апталығы аясында 7 А сыныбында "Математикалық регата" атты танымдық ойын өтті. Мақсаты: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру. Оқушыларды ауызбіршілікке тәрбиелеу. Сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.