Сынып сағаттары

Дата: 2022-01-28 11:46:12

24.01.2022 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінде Математикалық сауаттылық күніне арналған 5-7 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.

Мақсаты:

мазмұнды есептерді теңдеу құру арқылы шешу барысында оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру. Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндіктеріне сенуге, үлкен жетістіктерге ұмтылуға үйрету; Оқушының белсенділігін көтеруге, ойлау қабілетін арттыруға дағдыландыру. Оқушылардың ой- өрісін кеңейтіп, қабілеттерін ерекшелеу, белсенділігін дамыту, ұйымшылдықпен жұмыс жасай білуге, халқымыздың асыл қазынасын дәріптеуге, жылдамдыққа, ширақтыққа тәрбиелеу.