Ұлы даланың ұлы ерлері тақырыбында сынып сағаттары

Дата: 2022-01-27 14:37:59

08.12.2021 жылы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-де облыстық білім оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңындағы «Тарих толқынында» тарихи сауаттылық апталығы аясында 5-7 сыныптар арасында Ұлы даланың ұлы ерлері тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тарихы мен әдебиетінде болған ұлы тұлғалардың тарихи бейнесін көрсету. Олардың негізгі салған сара жолдарын ұрпаққа ұғындыру. Ұлы тұлғалардың қандай кезеңде қандай іс атқарғандарын көрсете отырып, мәлімет беру. Сол адамдардай болуға, олардан тәлім ала отырып саналы, ұлтжанды елге қызмет етер тұлға қалыптастыру.