Абенов Бахтияр Абильевич пен Нұрбек Аян Алтайұлы оқушыларға түсініктеме жұмыстары

Дата: 2022-01-24 16:10:53

Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінде 2021-2022 оқу жылының қазанның 20-ы күні 7-11 сыныптың оқушыларымен

құқықбұзушылықтың және тәртіпбұзушылықтың алдын-алу мақсатында Балқаш қаласының жасөспірімдер бөлімінің инспекторы аға лейтенанттары Абенов Бахтияр Абильевич пен Нұрбек Аян Алтайұлы оқушыларға түсініктеме жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты:

1. Оқушылардың құқықбұзушылығын алдын алу.

2. Құқықбұзушылық және тәртіпбұзушылық түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.

3. Мектеп оқушыларының мектепте және мектептен тыс жағдайдағы тәртіптерін бақылау, оқушылардың кешкі уақытта жүрмеуін қадағалау.

Оқушыларды әкімшілік құқықбұзушылық заңдары және баптарымен таныстырды. Қойылған сұрақтарға нақты жауап бере отырып, әр оқушының өз міндетін орындау керектігіне тоқталды.