Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған "Кел, балалар, оқылық" атты апталықтың жоспарына сәйкес "Ұлы дала ағартушысы" тақырыбында 4АБ сынып оқушылары арасында кітапханалық квест ойыны өткізілді.

Дата: 2021-10-27 13:46:08

  2021 жылдың 26 қазан күні  Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған "Кел, балалар, оқылық" атты апталықтың жоспарына сәйкес  "Ұлы дала ағартушысы"  тақырыбында  4АБ сынып оқушылары арасында кітапханалық квест ойыны  өткізілді. Мақсаты:  қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру.
"Әке мен бала", "Асыл шөп", "Бақша ағаштары", "Мейірімді бала" әңгімелерінің мазмұны айтылып, балалар өз пікірлерін ортаға салды.