«Ұлы даланың дара жұлдызы» атында өткен конференция бойынша ақпарат.

Дата: 2021-09-24 15:34:42

Балқаш қаласы білім бөлімінің «Михал Русаков атындағы санаторлық мектеп-интернаты» КММ

«Ұлы даланың дара жұлдызы» атында өткен конференция бойынша ақпарат.

    Қазақ даласында білімнің шырағын жағып, ұлт ұстазы атанған Ы.Алтынсариннің туғанына – 180 жыл. Ағартушының мерейтойына орай М.Русаков атындағы санаторлы мектеп-интернатында  ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Мақсаты:                                   

    Ыбырай Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқан ұстаз екендігі жөнінде түсінік беру. Оқушыларға Ыбырай ата өмірін үлгі ету, білімді, ақылды, ізденімпаз, етіп тәрбиелеу, білімді болуға, ұлы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.

   Конференцияға 8-9 сынып оқушылары ұлт ұстазының өнегелі істерін.ағартушыларының еңбегін сөз етіп, мәдениетті дамытып, өркениетке бастайтын ұлағатты ұстаздардың қажырлы жұмыстарына тоқталып өтті.Конференция соңында ғылыми ізденісі жан – жақты болып, ерекше көзге түскен оқушылар марапатталды.