«Жасдәурен» жазғы алаңының ашылу салтанатына өткізілген іс-шара ақпары

Дата: 2021-07-07 19:52:35

Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінде 2021 жылы 5-шілдеде сағат 09.00-де «Жасдәурен» жазғы алаңы ІI кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынды алаң басшысы Ж.Ж.Жаксыгелдина балаларды «Жасдәурен» жазғы алаңы ІІ кезеңінің басталуымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Алаңның ашылу салтанатында балалар туған жер, жазғы демалыс туралы жыр шумақтары мен ән салып, би билеп өнерлерін көрсетті. Алаң тәрбиешілері Мағден Э.Н., Тәңірберлі Р.Р., Сансызбай Б.Ж. «Жалын» тобының балаларымен «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін шырқады.

10.00-де «Жасдәурен» жазғы алаңында «Нұр-Сұлтан – болашақтың қаласы» тақырыбында оқушылар сурет салды. Мақсаты: балаларға еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтан туралы мәлімет беру; Нұр-Сұлтан туралы деректермен білімін дамыту; Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру; елжанды азамат болуға тәрбиелеу.

11.00-де балалардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында биден жарыс өтті. Барлық балалар қызығушылықпен белсене қатысты.