2020-2021 оқу жылындағы «Жасдәурен» жазғы алаңындағы 24-маусым күні өткізілген «Жалауды тап!» атты іс-шараның анықтамасы

Дата: 2021-06-29 09:25:11

  Ыбырай Алтынсарин  атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінде 24-маусым  күні  «Жалауды тап!» тақырыбында іс-шара өтті. Бұл спорттық сайыстың мақсаты дене шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу. Дене, жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.