«Жасдәурен» жазғы алаңының ашылу салтанатына өткізілген іс-шара ақпары

Дата: 2021-06-29 09:13:57

   Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінде 2021 жылы 21-маусымда сағат 09.00-де «Жасдәурен» жазғы алаңы І кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынды алаң басшысы Ж.Ж.Жаксыгелдина балаларды жазғы демалысқа шығуларымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Алаңның ашылу сатанатында балалар туған жер, жазғы демалыс туралы жыр шумақтары мен ән салып, би билеп өнерлерін көрсетті. Алаң тәрбиешілері Токабаева С.С, Серікбек Г. Разакберлі А. К «Достық» тобының балалармен «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін шырқады., «Балқашым-бағым» тақырыбында жыр-шумақтарын тарту етті.

10.00-де «Жасдәурен» жазғы алаңында   «Жұлдызды сәт» көңілді ойындар сайысын өткізді. Балалар ойын шартымен таныстырылғаннан кейін, әр топ өзінің маршрут қағаздарын алды. Ойынның шарты бойынша екі топ «Қызықты бекет» тапсырмаларын орындады.

11.00-де  мектеп кортында «Көңілді старт» спорттық ойындар сайысы жүргізді. Екі топ балалары «Кім жылдам?», «Кенгуру», «Бәріміз бірге» атты эстафеталық жарыстарда күш сынасты. Барлық бала спорттық ойындарға  белсене қатысты.

Алаңның бірінші мерекелік күні балаларға арналған тәтті мартумен аяқталды.