Жазғы мектеп

Дата: 2021-06-18 14:22:29

  Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінде 2021 жылдың маусым айының 18-і күні «Жазғы мектеп» жұмысы өз мәресіне жетті.Білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім олқылықтарының орнын толтыру мақсатында ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші бойынша барлық ниет білдірген білім алушылар үшін  мамыр айының 26-сы мен маусым айының 19-ы аралығында өткізілген әр сабақтан оқушыларымыз өздеріне керекті әр пән бойынша жіберілген олқылықтарының  орнын толтырды. Бүгінгі күні 2 сыныптарда өткізілген сабақтарда оқушыларымыз «Өсімдіктер тірі ағзалар»екендігіне өздерінің тағы бір көздерін жеткізді.Өздерін толғандырған көптеген сауалдарға жауап ала білді және сабақтарға қатысуда табиғатқа деген қызығушылықтарының жоғары екендігін көрсетті.