Жазғы мектеп

Дата: 2021-06-15 13:54:30

 "Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 15-інші маусым күні Жазғы мектеп өз жұмысының жалғасын тапты. Бұл күні табиғат аясында өткізілген жаратылыстану сабағы қызықты да әсерлі болды. Жазғы мектепте күрделі тақырыптарды ойын түрінде игерудің себебінен оқушыларымыз мектепке жақсы көңіл-күймен келеді.