Қалалық «Менің қаламның қысқы пейзажы» атты қашықтықтан өткізілген байқауы

Дата: 2021-01-21 12:06:22
Қалалық «Менің қаламның қысқы пейзажы» атты қашықтықтан өткізілген байқауы

Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 20 желтоқсаннан 23 желтоқсаны аралығында қашықтықта «Менің қаламның қысқы пейзажы» атты шығармашылық байқауы өтті.

Байқау мақсаты көрнекі байқауды, қиялды, қоршаған әлемде ерекше нәрсені табу және өз жұмысында көргендерін көрсету қабілетін дамыту.

Байқауға мектебіміздің 5 сынып оқушылары қатысып, «Қысқы пейзаж»  номинациясында жүлделі I орынмен – 5 «Б» сынып оқушысы Айткулова Ажар, II орынмен – 5 «Б» сынып оқушылары Абильмашева Айзере, Танирбергенова Сабина, III орынмен – 5 «А» сынып оқушысы Муханова Іңкәр, «Қысқы қиял» номинациясында II  орынмен – 4 «Б» сынып оқушысы Тлеуберген Ербота, 5 «А» сынып оқушысы Азамат Ермек марапатталды.