14.12.2020 жылы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде 1-11 сынып оқушыларымен «Аясында тәуелсіздік туының, Қазақстан биік болсын тұғырың» атты тәрбие сағаты өтті.

Дата: 2020-12-14 14:30:30

    14.12.2020 жылы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде 1-11 сынып оқушыларымен «Аясында тәуелсіздік туының, Қазақстан биік болсын тұғырың» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту, болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту. Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

     Тәрбие сағатының барысында  «Желтоқсан желі желбіреткен тәуелсіздік туы» атты бейнефильм көрсетілді. Оқушылар осы тақырыпта өз ойларымен бөлісті.