2020 жылдың 3 желтоқсаны күні Балқаш қаласы Ы. Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі «Үнем-қоғам қуаты» бөлімі бойынша «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында « Суды, электр энергиясын үнемдеу» туралы бейнероликтер байқауы өтті

Дата: 2020-12-03 09:59:28

                                                                               

   2020 жылдың 3 желтоқсаны күні     Балқаш қаласы Ы. Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі  «Үнем-қоғам қуаты» бөлімі бойынша  «Рухани Жаңғыру»  бағдарламасының  аясында  « Суды, электр энергиясын үнемдеу» туралы 5-6 сыныптар арасында мектептің аға тәлімгері  Э.Н.Мағден және 5А-5Б сыныбының   сынып жетекшілері Б.Б.Дүйсембаева, Д.Ж.Казыбаева  бейнероликтер байқауын ұйымдастырды. Балалардың осындай  іс-шараларға  қатысуы  оларға  табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға  мүмкіндік береді. Іс-шара соңы қортындыланып, жеңімпаз оқушылар марапатталынды.  Жер бетіндегі қолдануға болатын табиғи су көздері  климат  өзгерісі,   құрғақшылық  және  ластық  себебімен азайып барады. Тұрмыста  қолданылатын  су осы қауіп төніп тұрған су көздерінен қамдалады. Су үнемдеу  үшін  кейбір әдістер осы су көздерінің, әрі бюджеттің  сақталуына  көмектеседі

  Тұрмыста қолданылатын  қарапайым үнемдеу әдістері арқылы судың қорғалуына көмектесуге болады. Суды қорғау  өмірді қорғау деген сөз.Электр энергиясын  үнемдеудің   дайын әдістерін халық арасында насихаттау,  елді  үнемшілікке  шақыру. Ата - бабаларымыздың,  судың да сұрауы бар деп  тегін айтпағанын  келер ұрпаққа жеткізу. Электр  энергиясын  үнемдеудің  қарапайым бір жолы.
Біздің өмірімізді электр энергиясынсыз,   соның  ішінде  жарық шамдарынсыз елестету  мүмкін емес. Осы мақсатта  мектебіміздің  оқушылары  электр энергиясы   мен суды  үнемдеудің  не  үшін  керек   екеніне  тағы  бір  мәрте көздерін жеткізді.