23 қараша күні 1-11 сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған тәрбие сағаттарының өткізілуі туралы ақпарат

Дата: 2020-11-23 17:56:40

    23 қараша күні  1-11  сынып оқушыларымен "Болашаққа бастаған ұлт көшбасшысы" атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие  сағатының мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеуге тәрбиелеу болды.

   Тәрбие сағаты барысында оқушылар тұңғыш елбасы, тәуелсіздік   туралы өз ой пікірлерін ашық жеткізіп,  болашақ туралы ойларын ортаға салды.