«Құқық- әділет пен парасат жолы» тақырыбында сынып сағаты өтті.

Дата: 2020-10-15 11:22:07

                                                                     

 «Рухани жаңғыру»  жобасын іске асыру аясында «Балқаш қаласы  Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі» КММ-нің  5Б, 6А сынып оқушыларына мектептің  оқушылардың құқықтық және қаржылық сауаттылықтарын дамытуға арналған бағдарламасы бойынша  «Құқық- әділет пен парасат жолы»   тақырыбында Zoom платформасы арқылы сынып сағаты өткізілді.  Тәрбие сағаты оқушылардың құқықтық білім- дағдыларын өмірде қолдана білуге, адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру мақсатында өтті. Оқушыларға заң білімі саласынан өз құқықтары жайлы мағлұматтар берілді.