Еңбек күні

Дата: 2020-10-01 12:46:29

   27 қыркүйекте Қазақстанда Еңбек күні тойланады. Осыдан жеті жыл бұрын Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйектің соңғы жексенбісін Еңбек күні деп бекітті.

   Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасының 2013 жылғы 22 қазандағы №698 Жарлығымен қоғамдағы Адам еңбегінің беделін өсіруге, өндіруші еңбекті ынталандыру ға, жұмыс мамандықтарын насихаттауға және өндіріс саласына жастарды тартуға, жұмыс әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту мақсатында Елбасының жалпыға ортақ Еңбек қоғамын құру идеясын нығайту шеңберінде қыркүйектің соңғы жексенбісі "Еңбек күні" болып белгіленеді.

Еңбек күніне орай мектебіміздің кітапханашысы Казбекова Бақытгүл Қалқаманқызы "Мамандықтың бәрі жақсы" тақырыбында оқушыларға кітап көрмесін көрсетіп, тәрбие сағатын өткізді.