Кәсіптік бағыт - бағдар бойынша жұмыс

Дата: 2020-01-09 12:48:11

11 қараша күні №17 мектеп - лицейінде Қарағанды экономика университетінің өкілі 11 сынып оқушыларына  кәсіптік бағыт - бағдар бойынша жұмыс жүргізді. Университетте қандай мамандық иелерін дайындайтынын, университет жетістіктерін, болашақ студенттерге қандай мүмкіндіктер жасалатынына тоқталды. Оқушылар сауалнамаға жауап бере отырып, өздеріне қажетті ақпараттар бойынша сұрақ қойып, толыққанды жауап алды.