№17 мектеп-лицейінде – бас жүлде

Дата: 2020-01-09 12:20:09
№17 мектеп-лицейінде – бас жүлде
Бүгін Балқаш шаһарындағы Оқушылар сарайында  оқушылар арасында қалалық «Күзгі бал –2019» байқауы өтті. Доданың тақырыбы «Күз» болғандықтан, барлық оқушылар мезгілге сәйкес, көрініс ұсынды.
Байқауға қатысушыларға үй тапсырмалары берілген болатын. Осыған орай күзгі тақырыпқа байланысты топтың визит картасын, күзгі костюмін және әуесқойлық жұмыс нөмірлерін паш етті. Командалар жылулық пен тыныштықты білдіретін және барлық адамдарға жақсы көңіл-күйді жеткізетін ерекше костюмдер ұсынды. №17 мектеп-лицейінен қатысқан  9 «В» сыныбы оқушыларының топтамасы қызықты болды. Осылайша, байқау қорытындысы бойынша №17 мектеп-лицейінің  қатысушылары Артур Иванов пен Мадина Егембердиева Бас жүлдені еншіледі. Жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтаймыз!