Ата- аналар қауымдастығымен өзекті мәселелер бойынша жиналыс

Дата: 2020-01-09 12:06:33
2019 жылдың 9 қарашасында мектеп қабырғасында ата- аналар қауымдастығымен  өзекті мәселелер бойынша жиналыс  өткізілді. Бұл жиынға 230 ата-ана қатысты. Айтулы жиында баяндама жасағандар: 
№ 17 мектеп-лицейдің директоры - Алишева Ш.А.,  «Ұстаз мәртебесі» жайында мағлұмат берді;
Критериалды бағалаудың үйлестірушісі, бастауыш сынып мұғалімі -Айнекова С.А.,  ата- аналар мен  мұғалімдерді  критериалды бағалау бойынша хабардар етті;
Директордың ОТІ жөніндегі орынбасары- Клецина Н.Н., І тоқсан бойынша оқушылардың білім сапасы мен білім үлгеріміне тоқталып, білім алушылардың  аттестациялауы  жөнінде сараптама жасады;
Директордың ақпараттау жөніндегі орынбасары -Сабирова Г.Г., «Bilimal» және «Bilimland» сайттары жұмысымен таныстырып өтті;
Директордың инновациялау жөніндегі  орынбасары- Джанадилова Ж.Б. дарынды балалармен жұмысы жайында айтты, және де республикалық пән олимпиадасы бойынша сараптама жасады.
Директордың ТІ жөніндегі орынбасары- Рахишева Б.Е., мектептегі тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмысқа сараптама жасап, тәрбие ісінің бағыттарымен таныстырды. Баяндаманың соңында Нуракова Г.С. мектеп психологымен дайындалған бейнеролик ата- аналар мен мұғалімдердің назарына ұсынылды. Әр баяндаманың соңында көтерілген сұрақтар бойынша ұсыныстар қарастырылып,  ортақ шешімге келді.   
Баланың басты ұстазы - ата-анасы. 
Бала ата-анасын, ата-ана баласын танымайынша, іс алға баспайды.
 Ата-ана мұғалімге көмекші. 
Сенімді тірек болса, мұғалімде сондай болуы керек. 
Екі жақты байланыс нығайғанда ғана барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі,- дегіміз келеді.