21.04.2022 жылы "Мамандықтар жәрмеңкесі

Дата: 2022-05-13 12:41:24
21.04.2022 жылы
21.04.2022 жылы "Мамандықтар жәрмеңкесі" өтті. 
Жәрмеңкеге біздің мектептің 9 -11 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты. Мамандықтар жәрмеңкесінде Қарағанды қаласының оқу орындары  өз мүмкіншіліктерімен бөлісе отырып, таныстыру жұмысын жүргізді. Оқушылар өздеріне қажетті ақпаратты ала алды деген ойдамыз. Шаһарымызда осындай мамандықтар жәрмеңкесі жиі болады деген үміттеміз. Себебі, кәсіби бағдар беру жұмысы білім алушылардың әрі қарай дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына, сондай-ақ мамандықты саналы түрде таңдауға өз септігін тигізеді. Сол үшін әрқашанда өзекті болып қалмақ.