"Өнегелі өмір" жобасы

Дата: 2022-03-17 15:38:09

2022 жылдың 12 наурызында облыстық "Өнегелі өмір" жобасы аясында 5-11 сынып оқушылары арасында  ZOOM платформасында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары Е. А. Сайпашпен кездесу өтті. Сайпаш Ерасыл Абайдоллаұлы "Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін" (алтын медаль) төсбелгісімен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институтын (Петропавл қ.) бітірген. Лейтенант погондарын ел президентінің қолынан алды. Бірнеше әдістемелік құралдардың авторы. 2019 жылы құтқарушылар күніне арналған республикалық поэзия байқауының жүлдегері атанды. Қарағанды облысының командасын халықаралық оқу-жаттығуларда және құтқарушылар арасындағы жарыстарда бірнеше рет басқарды.