2022 жылдың 15 ақпанында №17 мектеп-лицейінде Балқаш қаласының сервис колледжінің оқытушысымен кәсіптік бағдар беру жұмысы өткізілді. Бүгінгі таңда мектеп түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмысының маңыздылығы айтарлықтай артып келеді. Кәсіптік бағ
2022 жылдың 15 ақпанында №17 мектеп-лицейінде Балқаш қаласының сервис колледжінің оқытушысымен кәсіптік бағдар беру жұмысы өткізілді. Бүгінгі таңда мектеп түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмысының маңыздылығы айтарлықтай артып келеді. Кәсіптік бағдарлау-бұл жастарға мамандық таңдаудағы қабілеттері мен бейімділіктерін, кәсіби және танымдық қызығушылықтарын анықтау мен дамытуда жеке тұлғаға бағытталған көмек көрсету, сондай-ақ нарық жағдайында еңбекке қажеттілік пен дайындықты қалыптастыру, меншік нысандары мен кәсіпкерліктің көп реттілігі бойынша әлеуметтік-экономикалық, психологиялық-педагогикалық, медициналық-биологиялық және өндірістік-техникалық шаралардың ғылыми негізделген жүйесі. Ол оқу-тәрбие процесі, оқушылармен сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыстар арқылы іске асырылады. Кәсіптік бағдар беру жұмысы офлайн форматта өтті. 9 сынып оқушылары Балқаш қаласының сервис колледжі туралы бейнематериалды мұқият тыңдап, тамашалады. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенді қатысты.