Әлімхан Ермеков атындағы математикадан 1-ші аймақтық олимпиаданың жабылуы

Дата: 2022-02-16 16:31:19
Әлімхан Ермеков атындағы математикадан 1-ші аймақтық олимпиаданың жабылуы
Құрметті достар, жақсы жаңалық! 2 ақпан күні № 17 мектеп-лицейде Әлімхан Ермеков атындағы математика пәні бойынша 1-Аймақтық олимпиаданың жабылу салтанаты өтті. Мектеп директоры Алишева Шынаргүл Амангелдіқызы құттықтау сөз сөйледі. 
"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Балқаш өңірлік филиалы басшысының орынбасары Гүлшат Тілеуғабылқызы Ахметова жеңімпаздарды құттықтап, қатысушыларға қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауға, оқуға, барлық жаңалықтарды үйренуге, дамуға тілек білдірді. Олимпиада демеушісі “Қазақстан Халық жинақ банкі" бірінші жүлделі орынға ие болған жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар-коды бар рюкзактар дайындады.
Әдепхан Ерен Айбынұлы - "INTEL ISEF - 2011" Халықаралық байқауының финалисті, "Зияткер - 2050" жеке қорының жетекші жаттықтырушысы, математик-практик қатысушыларға арналған ұсыныстармен сөз сөйледі, математика бойынша олимпиадалар қатысушылардан тиісті ақыл-ой және моральдық дайындықты талап ететінін, үлкен интеллек арқылы жеңіске жетуге болатынын атап өтті.