"Табысты түлектің моделі" құқықтық форумы

Дата: 2021-02-15 17:06:27

    "Зейін" жобасын іске асыру және "Құқықтық навигатор" функционалдық сауаттылықты дамыту апталығын өткізу шеңберінде №17 мектеп-лицейінде "Табысты түлектің моделі" құқықтық форумы өтті. Кездесу қонақтары мектептің жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ облыстың инновациялық мектептерінің педагогтары мен оқушылары болды. Мектеп директоры Ш.А. Алишева форумға қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Кездесу модераторлары тарих мұғалімдері А. С. Мухамедина және А. М. Ешжанова болды. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Т. Тоқаевтың Жолдауы мен Конституцияны келтіре отырып, қазіргі әлемде болуы маңызды құзыреттер айқындалды. Әр қатысушы өз жобаларына, эсселеріне, зерттеулеріне және саналы мамандық таңдауына сүйене отырып, осы мәселе бойынша өзінің көзқарасын түсіндірді. Әзірленген құзыреттілік моделі жоспарды жасау және оны іске асыру үшін бірлесіп басқару кеңесіне берілетін болады.