Абай Құнанбаевтың туған күніне арналған «Абайды оқы, таңырқа» тақырыбында zoom платформасында мектеп-лицей кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2-11 сынып оқушылары арасында Абай күніне арналған іс-шара өтті.

Дата: 2023-09-05 10:08:47
Абай Құнанбаевтың туған күніне арналған «Абайды оқы, таңырқа» тақырыбында zoom платформасында мектеп-лицей кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2-11 сынып оқушылары арасында Абай күніне арналған іс-шара өтті.

10.08.2023ж. Қазақ халқының ұлы ақыны өзінің әдеби және музыкалық шығармаларында, ойы терең, тілі өткір Қара сөздерінде еңбек пен білімге, рухани дамуға,сананы жаңғыртуға шақырған Абай Құнанбаевтың туған күніне арналған «Абайды оқы, таңырқа» тақырыбында zoom платформасында мектеп-лицей кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2-11 сынып оқушылары арасында Абай күніне арналған іс-шара өтті. Шара барысында оқушылар кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы ұлы ақынның шығармаларын мәнерлеп оқыған Жунусова Зарина, Асанали Әмен, Мырзабек Алтайыр, Қауасхан Мирас, Амангелді Айару, Күлмағанбетов Қайсарды ерекше атап өтуге болады.
Ұлы ақынның бізге мазмұндық тұрғыдан өлшеусіз, халықтың рухани азығына айналған мұрасы жайлы бейнефильм көрсетіліп, Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы Б.Т.Саметова, мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Ж.Тлеубекова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Т.Карина, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мүғалімі Г.Б.Сапарова өз ойларымен бөлісіп, оқушылармен кері байланыс орнатылды.