18.01 күні Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайында Алматы қаласы "Жаңа Ұрпақ" көшбасшылар мектебінің ұйымдастыруымен қаламыздағы білім беру ұйымдарының өзін-өзі басқару ұйымының мүшелеріне "Көшбасшы деген кім?" тақырыбында арнайы семинар өткізді.

Дата: 2023-05-02 22:17:08
18.01 күні Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайында Алматы қаласы

18.01 күні Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайында Алматы қаласы "Жаңа Ұрпақ" көшбасшылар мектебінің ұйымдастыруымен қаламыздағы білім беру ұйымдарының өзін-өзі басқару ұйымының мүшелеріне "Көшбасшы деген кім?" тақырыбында арнайы семинар өткізді.
Мақсаты: өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің бойында көшбасшылық қасиеттерін ашу, дамыту.
Арнайы ұйымдастырылған семинарға мектеп-лицей президенті, орынбасары, Ұланбасы, фракция көшбасшылары қатысты.
Семинарды "Жаңа Ұрпақ" көшбасшылар мектебінің спикері - Рустам Аубакиров жүргізді.
Семинар барысында көшбасшылық қабілеттер, жетістікке жету жолындағы мотивация, коммуникация, сенімділік, қоршаған ортамен қарым-қатынас сияқты тақырыптар қозғалып, аталған қабілеттерді дамытуға арналған психологиялық ойындар ойнатылды.
Семинар соңында қатысушылар жағымды эмоциялар, тың идеялар, лидерлік қабілеттер мен дағдыларға қатысты ақпараттар алып, психологиялық ойын барысында жаңа орта қалыптастырды.

Сурет