19.10 күні Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайының ұйымдастырумен қалалық "Күзгі вернисаж" шығармашылық байқауы өтті.

Дата: 2023-04-24 21:24:03
19.10 күні Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайының ұйымдастырумен қалалық

19.10 күні Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайының ұйымдастырумен қалалық "
Күзгі вернисаж" шығармашылық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың әртістік қабілетін, өзгешеліктерін дамыту, инабатты, іскер, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру. Ұқыптылыққа, шымыр да шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздылыққа тәрбиелеу.
Байқау талаптары бойынша мектеп-лицейіміздің 8"Б" сынып оқушысы Тұрсынбек Еркежан мен 10"А" сынып оқушысы Кәкім Нұрасыл қатысты. Байқау 4 кезең бойынша өтті.
Шығармашылық өнер байқауының қорытындысы бойынша қатысушылар жүлделі 3 орынмен марапатталды.