"Білім берушілердің жетістіктерінің мониторингі бойынша педагогтердің өзара тәжірибесін жандандыру "Зейін" әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында озық тәжірибені тарату семинары болып өтті.

Дата: 2023-04-18 11:04:29

24.02.2023ж
Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен, "Білім берушілердің жетістіктерінің мониторингі бойынша педагогтердің өзара тәжірибесін жандандыру "Зейін" әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында озық тәжірибені тарату семинары болып өтті.
Семинар барысында қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.
«Оқу процесінде оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар» шеберлік сағатымен:
Баубеков Аманжол Сағынтайұлы,
Балқаш қ. №9 ЖББМ
"Оқу сауаттылығын арттырудағы
«Оқуға құштар мектеп» жобасының рөлі" тақырыбындағы іс - шаралардағы тәжірибесімен: Мухаметжанова Фарида Айтқазықызы,
Балқаш қ. Ә.Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейінің мұғалімдері ой бөлісті.