Сары ауру

Дата: 2023-04-04 18:15:02
Сары ауру

Гепатит — бауырдың қабынуы. Оның: A, B, C, D және E деген түрлері болады. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, белгілері де әртүрлі. Бәрінен қауіптісі - Е гепатиті. Оны ерте анықтау қиын. 

Сырқаттардың 90 пайызы - өткір гепатитке шалдығады: мұндайда науқастың көзі мен терісі сарғайып кетеді. Алайда, емделіп шыққан пациент бойында ауруға қарсы иммунитет пайда болады. Гепатиттің айқын әрі көпшілікке таныс белгілерінің бірі - сарғаю. Бірақ кей жағдайда аурудың ешқандай белгісі байқалмауы да мүмкін. Сол себепті өзін жайсыз сезінген адам денсаулығы мен ағзасында болып жатқан өзгерістерге мұқият зер салғаны абзал. Вирус организмге түскеннен кейін бауыр жасушаларын зақымдап, оның қызметі бұзылады. Қабынған бауыр дер кезінде емделмесе жасушылардың орнында ешбір функция атқармайтын пайдасыз тін пайда болады. Кейін ол фиброз, циррозға немесе қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында вирусты гепатит салдарынан туындаған өткір инфекциялар, цирроз сынды бауыр аурулары 890 мың адамның өмірін қиды. 2013 жылы бұл көрсеткіш 1,45 миллионға жетті. Мұның бәрі гепатитті қауіпті дерт ретінде мойындамаудан, көпшіліктің бұл ауру жайлы көп біле бермеуінен дейді мамандар. Әлемдік статистикаға сүйенсек, дүниежүзінде 250 миллионнан астам адам В гепатиті вирусын жұқтырған болса, тағы 71 миллион адам С гепатитімен ауырады. Сарыаурудан болатын өлім-жітімнің 96 пайызына гепатиттің дәл осы екі түрі себепкер. 2017 жылы Қазақстанда 70 мыңға жуық адам гепатит жұқтырған, оның 5 147-сі ауруды жаңадан жұқтырғандар. 

Таралу жолдары

А және Е гепатиті вирусы жуылмаған азық-түлік арқылы, ал қалған түрлері жыныстық жолмен және қан арқылы таралады. Бірақ бұл ауруды нашақорлар немесе тәнін саудалайтын түнгі көбелектер ғана жұқтыруы мүмкін деген сөз емес. Егер дұрыстап зарарсыздандырылмаса маникюр, татуировка жасайтын құралдардан, стоматологиялық және хирургиялық құралдардан да қауіп төнуі мүмкін. Тазалық сақтаған жағдайда вирус тұрмыстық жолмен таралмайды. В гепатиті анадан балаға жүктілік кезінде немесе босану барысында берілуі ықтимал.

ImperialCollegeLondon және UniversityofWashington ғалымдары вирусты гепатиттің өлім-жітім жағынан малярия, ВИЧ, СПИД пен туберкулезден кем түспейтінін дәлелдеді. Ғалымдар 1990-2013 жылдар аралығында, яғни 23 жыл бойы әлемнің 183 елінен мәлімет жинақтаған. Осы уақыт ішінде бауыр ауруынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 63 пайызға өскен. 1982 жылдан бастап дүние жүзінде В гепатитіне қарсы 1 миллиард доза вакцина салынған. Соған қарамастан одан болатын өлім саны азаймай отыр.

Ал туберкулез, ВИЧ пен СПИД-тен болатын өлім-жітім зерттеу жұмыстарына жұмсалған инвестиция мен күштің арқасында азайып келеді. 2013 жылы әлем бойынша СПИД-тен 1,3 млн, туберкулезден 1,4 млн, маляриядан - 855 мың адам көз жұмған. 2000-2016 жылдар аралығында ВИЧ індетін жаңадан жұқтырғандар саны 39 пайызға, одан болатын өлім-жітім де едәуір қысқарған. Ал, гепатиттен 2013 жылы 145 млн адам көз жұмыпты. Гепатиттің қаһары қайтпауының бір себебі - қаржының тиісінше бөлінбеуі, дейді мамандар.

Сақтықта қорлық жоқ

Жалпы, бұл аурудың тырнағына кез-келген адам ілігуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, тұрмысы бақуатты, дамыған елдерде тұратын азаматтар ағзасы керісінше, вирусты тез қабылдауы мүмкін. Сондықтан "сақтықта қорлық жоғын" естен шығармаған жөн. Ол үшін қауіпсіздіктің қарапайым ғана ережелерін есте сақтаңыз. Әйелдер маникюр жасағанда өз жиынтығын пайдаланғаны дұрыс немесе құралдарын мұқият зарарсыздандыратын сенімді маман тауып алыңыз. Жалпы, өткір, кесетін құралдармен қызмет көрсететін кез-келген жерде (стоматологиялық клиника, барбер-шоп, тату салоны) абай болған дұрыс. Бірақ кейде гепатит адами факторға қатысы жоқ беймәлім жағдайларда да таралуы әбден мүмкін. Оған 1988 жылы азық-түлік пен ауыз судың ластануы салдарынан 300 мың адам сарыауру жұқтырған Шанхай оқиғасын мысалға келтіруге болады. Дегенмен сақтықты көпшілік жиналатын орындардан, науқастардан іргені аулақ салу деп түсінбеген жөн. Шын мәнінде, В гепатиті бассейн арқылы, сүйіскенде немесе құшақтасқанда, сондай-ақ, ортақ ыдыс-аяқ арқылы жұқпайды. 

 

Вакцина аурудың алдын алуға көмектеседі

Вакцина мәселесінде жұртшылықтың пікірі екіге жарылғаны белгілі. Екпеге қарсылық білдіріп жүргендер олардың құрамында балаларды аутизм, диабет, склероз, бедеулік сынды ауруларға шалдықтырып, зейін қою қабілетін төмендететін заттар барын алға тартады. Алайда, ДДСҰ мәліметінше, дәл осы иммундау шарасы жыл сайын 2-3 миллион адамды өлімнен арашалап қалуға мүмкіндік береді. Вакцина организмнің қорғаныс жүйесін белгілі бір аурудан немесе инфекциядан қорғауға жұмылдырады. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы екпе егу шарасын денсаулыққа салынатын тиімді инвестиция деп таныды.

Қазақстанда жаппай екпе егу нәтижесінде соңғы 25 жылда В гепатитімен ауырғандар балалар саны 1234,5 есе, ересектер арасында аурудың таралу көрсеткіші 311,5 есе азайған.

Қазір A, B, D және E гепатитіне қарсы вакциналар бар. Өкінішке орай, олардың бағасын қарапайым халықтың қалтасы көтере бермейді. В гепатитіне қарсы салынатын вакцина D гепатитінің алдын алуға көмектеседі. Ал, С гепатитіне қарсы тиімді вакцина әзірге жасалған жоқ.

«Бүгінгі таңда гепатиттен қорғанудың ең тиімді жолы - екпе салдыру. Мемлекет кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті арқылы азаматтарға қауіпті аурулардың, соның ішінде, гепатиттің алдын алуға мүмкіндік беріп отыр. Соңғы 25 жылда Қазақстанда В гепатитігне шалдыққандар саны 30 есе азайған. Міндетті медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін де екпе егу тәртібі өзгермейді. Қазақстандықтар вакцинаны сақтандырылған-сақтандырылғанына қарамастан бұрынғыдай тегін салдыратын болады

Балаларды гепатитке қарсы егу кестесі бар. Ең алғаш рет нәрестелерге туғаннан бастап 4 күнге дейін екпе егеді. Екінші рет 2 айлығында, үшінші рет төрт айлығында салынады. Сонымен қатар, медицина саласының қызметкерлері, қан құйдырған пациенттер сынды қауіп-қатер тобына жататындарға да вакцина салынуы мүмкін".

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты "Вирустық гепатит"

Қарағанды облысы.

Балқаш қаласы

«Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ

 

Сабақтың   тақырыбыВирустық гепатит

Сабақтың   мақсаты: Вирустық гепатиттен сақтану   және олардың алдын алу жолдары.

Тәрбиелігі: Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Жұқпалы     аурулар-жұқпалы ( инфекциялық) аурулар ерте заманда-ақ олардың   жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр   түрлі аурумен белгілі болады.( індет, жаппай аурулар) Бұл аурулар ерекше « миазма» ауаның   улы булануымен байланыстырылады.   Жұқпалы аурулар туралы ғылымның   дамуында әр түрлі   қоздырғыш микробтардың     ашылуы үлкен   рол атқарады.   «Jnfecio» деген   латын сөзі   «ластану»   дегенді   білдіреді. Жұқпалы   аурулар адам   ағзасына   қоздырғыштың   енуінен   кейін   пайда   болады. Қоздырғыш-микробтар   ауру   адамнан   сау   адамға   беріле алады.   Белгілі бір   уақытта   ауру жаппай тароалады.(індет)   Ауру туғызатын   микробтар,   бактериялар,вирустар,   спирохетор, саңрауқұлақтар   болуы мүмкін. Ауру туғызатын   микробтар   әдетте   сыртқы   ортада   тез   өледі.   Олардың     өмір сүріп, көбейетін   жері– адам   немесе мал   ағзасы, сондықтан адам   жұқпа көзі   болып табылады.

Вирустық гепатиттер   (Бауырдың   қабынуы)

Вирустық гепатит   кең таралған   және адам   денсаулығына   өте қауіпті инфекциялық топ,   олардың   өзара бір-бірінен   сәл айырмашылығы   бар, байқалмайды, түрлі вирустардан   тарауы мүмкін, бірақ бәрінің де белгілі бір ол ең алдымен бауырдың   зақымдалуы   және қабынуына әкеп     соғуы. Сондықтан да   бауыр қабынуының түрлерін   басқаша   «сары   ауру» деп   тайды.Бұл бауыр қабынуының кең тараған   түрі болып   келеді. «Сары   ауру» эпидемиясы туралы біздің   заманымызға   дейін   Гиппократ   Ү   ғасырда   сипаттап жазып   қалдырған   бірақ   оның қоздырушысы   туралы   тек өткен ғасырдың   ортасында   ашылған   болатын. Бауырдың   қабыну вирусы   жұқпалы   аурулардың   ішінде   өзекті   мәселе болып табылады. ДДҰ-ның мәліметі бойынша   В гепатиті мен науқастанғандардың   саны 1  миллиардтан   асатын   болса, С-гепатитімен   дүние жүзіндегі   млн   шамасы   белгілі   жыл сайын   бауыр берішінен (циррозынан)млн аса адам   көз жұмады. Жағдайлардың көкейтесті мәселелерінің бірі , ол науқас адам   еңбекке     жарамды шағында,   аурудың жас кезінде пайда болып   отыр,   мемлекеттің     экономикалық   жағынан да   зиян келуіне, қаражат   және   адам шығынына   әкеліп   соғатыны   белгілі. Науқас адамның бауыр   беріші   3 жылдың   ішінде өрбіп,   соңында   рак ауруына шалдығуына   қатер   төндіреді

Бауырдың   қабынуы   вирусы   2 топқа бөлінеді.

1.   Энтеральды топ фекалдық   жолмен   жүретін   әдеттегі   ішек жұқпасы,

оған А вирустық   гепатиті және Е вирустық гепатиті жатады.

    2.   Ас қорыту   жолынан тыс тобы   әдеттегі қанталау   инфекциясы-жұғу   жолдары-қан   және де организмнің  сұйық   ортасы ( сілекей, сперма, емшек сүті)  

Сары ауру                                                                                 

 Санитариялық ережелерді   сақтамай   дайындаған тағм өнімдері,   содай-ақ вирусты гепатит   ауру адамдар дайындап таратқан тағамдар   да осы ауруға   ұшыратады. Сарыауру   адам     организмін   бүтіндей   зақымдайды.   Бірақ өзгерістер   бауырда өтеді.Алғашқы үшаптада   аурудың   ешқандай     белгілері   білінбейді.   Мұны жасырын     инкубациялық   кезең   деп аталады.   Зақымдалған   адамдардың асқа   тәбеті нашарлайды, ішінің оң жағы және төс   етегі тұсы ауырады, ішектің   бұзылғандығы   байқалады . Дәл осы   кезеңде дәрәгерге   қаралу қажет. Дәрігер диета белгілейді,   асқынудың алдын алады.   Жасырын кезеңде   дененің сарғаюы   бсталады.   Алайда аурудың сарғаймайтын түріде   кездеседі,   аурудың   бұл түрі   адамдарға қауіпті.Егер ауру адамдар   дер кезінде   емделсе, дене сарғаюлары     кетіп, денсаулығы   қалыптасады. Құдықты таза ұстау   керек. Ауыз   су құдығының қабырғасы мен түбін   лайдан –қоқыстардан   тазарту керек. Қоқыс   үйінділер, мал суаттары   жақын болмауы керек.   Вирусты гепатит   тағам   өнімдері арқылы   да берілетін болғандықтан   асқана, кафе, азық- түлік дүкен-де санитария ережелері ұқыпты түрде орындалуы тиіс. Жеміс пен көкөністерді   қайнаған   сумен жуу керек. Мектеп жасындағы балалар   мекемелер мен   мектепте   балалар   санының артық болмауы   және   тазалық   сақталуын   қадағалау керек.  Балалар   әрдайым   медициналық тексеруден   өтуі тиіс.   Сапалы сумен,   тамақпен қамтамасыз   етілуі қажет.Ауру   шыққан үйлерде, мектепте, балабақшаларда т.б.   нысандарда   қорытынды дизенфекция 3% түрі бойынша   ауру   мен қарым   қатынаста   болған адамдар дәрігер   қарауында   болу керек, күдікті адамдар оқшаулануға тиісті. Оқушылар күн сайын   өздері мен   бірге   қайнаған су   құты алып   жүрулері керек.

Қорытынды: Оқушылар біздер жұқпалы аурулардан қорғануымыз керек. Өйткені олар біздерге өте қауіпті болып келеді. Азық түліктерді, жеміс жидектерді жуып жеуіміз керек. Жеке бас гигиенаны сақтауымыз керек. Салауатты өмір салтын ұстануымыз керек.

 

 

           Диктант Вирусты Гепатит

 Вирусты гепатит А – бауырдың зақымдалуы басым болатын жедел инфекциялық ауру.

 Аурудың белгілері:
- кіші дәрет түсінің қараюы, үлкен дәрет түсінің ағаруы, көздің ақ қабығының және дененің сарғаюы;
- жүректің айнуы және құсу;
- дене қызуының жоғарылауы;
- жалпы әлсіздік, бүкіл дененің ауырсынуы.


А гепатитімен науқастың жұқпалы болатын кезде аурудың белгілері айқын байқалмай 5-7 күнге созылатын сарғаюға дейінгі кезең (температураның қысқа мерзімді жоғарылауы, өзін әлсіз сезіну, жүрек айнуы) байқалады. Қара зәрдің пайда болуы, көздің ақ қабығы және дене сарғаюы басталғаннан кейін науқас басқаларға қауіп тудырмайды.
Инфекция көзі - науқас адам. Инфекция фекальді-оральді берілу жолымен сипатталады. Ауру ластанған қолдар, ыдыс-аяқ, ойыншықтар және басқа заттар арқылы жұғады. Сондай-ақ, инфекцияның жаппай таралу деңгейі құбырдағы ауыз суының кәріз суымен ластанған кезде жоғары болады.


Инфекцияның алдын-алу шаралары:
- жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау;
- А вирусты гепатитіне қарсы вакцинация;
- ішу үшін жеке бөтелкеге құйылған және қайнаған суды пайдалану;
- жаман әдеттерден (екі адамның 1 темекіні шегуі, тағамды бөлісіп жеу, сағызды бөлісіп шайнау) аулақ болу;
- көкөністер, жеміс-жидектер, тамаққа қосатын көкшөпті ағыны күшті сумен жуып, артынан қайнаған сумен шаю;
- шомылу кезінде ауызға су жұтудан аулақ болу;
- жеке күтім құралдарын (төсек жабдықтары, сүлгі, мұрын орамалдары, тіс щеткалары, маникюр жинағы) қолдану керек.

(Балқаш қалалық санэпидбақылау басқармасы материалдарына сәйкес)