09.03.2023 жылы Қыз баланың шаш өсіру көркемдік талғамын қалыптастыру, әсемдікке, білімділікке тәрбиелеу мақсатында мектеп-лицейімізде 2010 -2011 оқу жылынан мектеп-лицейінің «Парасат» аналар-әжелер мектебі, «Қыз Жібек» қыздар клубы және кітапхананың ұйы

Дата: 2023-03-29 17:37:01
09.03.2023 жылы  Қыз баланың шаш өсіру көркемдік талғамын қалыптастыру, әсемдікке, білімділікке тәрбиелеу мақсатында мектеп-лицейімізде 2010 -2011 оқу жылынан мектеп-лицейінің «Парасат» аналар-әжелер мектебі, «Қыз Жібек» қыздар клубы және кітапхананың ұйы

09.03.2023 жылы  Қыз баланың шаш өсіру көркемдік талғамын қалыптастыру, әсемдікке, білімділікке тәрбиелеу мақсатында мектеп-лицейімізде 2010 -2011 оқу жылынан мектеп-лицейінің «Парасат» аналар-әжелер мектебі, «Қыз Жібек» қыздар клубы және кітапхананың ұйымдастыруымен дәстүрлі «Бұрымды қыз»  байқауы 5-7 сынып қыз балаларының арасында  өтті.  Биылғы байқаудың ерекшелігі - бұрымды қыздар шаштарының ұзындығымен бірге, өзінің білімін, кітап оқуға құштарлығын, көркем сөйлеу мәнері, жан дүниесіндегі рухани байлығын көрсете білуі.

Байқау 3 кезеңбойынша өткізілді. «Білектей арқасында өрген бұрым» - қыз балалардың шашының ұзындығын, қалыңдығын өлшеп, бағалау.«Кітаппен нұрлы жолымыз, оқуға құштар болыңыз» -  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқыған шығармалары бойынша көркемфильмнен үзінді көрсетіп, шығарманың негізгі идеясын айту.«Өнер алды - қызыл тіл» - қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының, әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларынанүзінді оқу (мәнерлеп көркем сөз оқу: проза, поэзия жанрлары бойынша.)

«Бұрымды қыз – 2023» байқауына төрелік жасап, әділ бағасын берген «Парасат» аналар мектебінің мүшесі Карипбаева Айжан Калыммуратовна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ұлағатты ұстаз Сапарова Гүлбаршын, 10 «Ә» сынып оқушысы қалалық «Балқаш аруы- 2023» сайысына қатысушы, бұрымды қыз  Қусайынова Томирис.

Әр жылдары бұрымды қыздарға арналған слайд көрсетіліп, мектеп-лицейде оқып жүрген 2018жылы - Абылкаирова  Жанель 11 А, 2020 жылы - Алтымбекова Айнур 10 Ә, 2021 жылы – Тілек Еркенұр 11 А, Тұрсынбек Еркежан 8 Б сахна төріне шығып, шаш күтімі жайлы ойларымен бөліссе, «Бұрымды қыз-2023» жылдың жеңімпазы 7 «Б» сынып оқушысы Рыспай Еркеназға «Бұрымды қыз-2022» жылының жеңімпазы атанған  9 «Ә» сынып оқушысы Омарова Дильназ  ауыспалы «Тәж» кигізді.  2012 жылғы

«Бұрымды қыз-2011» жылғы жеңімпазы болған бүгінде Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының сан-эпидбақылау басқармасының бас маманы Жақсыгелді Гүлім,  «Бұрымды қыз - 2012» жылғы жеңімпазы Алматы қаласы "Aiplus" білім беру орталығының математика пәнінің мұғалімі Кусаинова Жадырабейнеролик арқылы өздерінің  жүрекжарды ақ тілектерін жеткізді.