«Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік»

Дата: 2023-01-13 21:08:33
«Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік»

Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, оқушыларға өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге, тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру мақсатында «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» тақырыбында тарих беттерін парақтап... мектеп-лицейдің «Оқырмандар аллеясы» залында ақпараттық кітап көрмесі 5 бөлім бойынша ұйымдастырылып, Қазақстан аумағындағы тас ғасыры, "андронов мәдениеті", қола ғасырының, байырғы түркі тектес халықтар мен тайпалар: скифтердің, сақтардың, ғұндар мен ежелгі түркілердің тарихы, ХІІІ ғасырдың ортасынан ХVІІІ ғасырдың басына дейінгі соңғы ортағасырлық дәуірдегі Қазақстанның тарихы жайлы, ХVІІІ ғасырдың басынан 1917 жылға дейінгі Қазақстан тарихы на тоқталып, 1917-1985 жылдардағы Қазақстанның кеңестік кезеңіндегі тарихында және 1985 жылдан бүгінгі күнге дейінгі Қазақ елінің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері жайлы айтылып, ұлы тұлғалардың өмір жолы, шығармашылығына арналған 6 сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік тұғырым» атты дөңгелек үстел өтті. Оқушылар өздерінің ойларымен бөлісіп, пікір алысты.