«Ертегілер елінде»

Дата: 2023-01-12 23:11:40
«Ертегілер елінде»

02.11.22 ж. Мектеп-лицей кітапхана кеңесі мүшелерінің ұйымдастыруымен күзгі демалыс уақытын тиімді өткізу, кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 3 сынып оқушылары арасында «Ертегілер елінде» атты кішкентай оқырмандардың «20 минут кітап оқу» сағатында оқыған ертегілері негізінде түрлі-түсті әдеби сағаты өтті.
Заман талабына сай тренд бойынша, оқушылар алдын ала өздері таңдаған түстерді бөліп алып, сәйкес келген түсті кітаптар әкеліп, арнайы маскалар дайындап, шарлар, тіпті кітаптың түсіне сай киім киіп келді.
Балалар креативті дайындықпен келгендігін оқыған ертегілері бойынша әр сынып оқушыларының бір-біріне сұрақ қойып, еркін ойларымен бөліскендігінен көруге болады.