2022ж. 14.қазан күні "Таңшуақ" шағын орталығында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Дата: 2022-10-21 09:48:10
2022ж. 14.қазан күні
2022ж. 14.қазан күні "Таңшуақ" шағын орталығында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мектеп-лицей директоры Токейбекова А.Т қатысып, жаңа оқу жылының басталуымен және Мектеп жасына дейінгі бағдарламаға өзгеріс енгізілгені жайлы айтылды. Ата аналарды мазалап жүрген сұрақтарына мектеп-лицей директоры жауап берді.
Шағын орталық әдіскері Бидайбекова А.Е 2022-2023 оқу жылында мектепке дейінгі салада болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, тәрбиелеу білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, шағын орталықтың ішкі тәртібі бойынша жұмыстар айтылды. Шағын орталықтың ұйымдастырушылық жұмыстарына тоқталып, ата-аналардың барлық сұрақтарына жауап берді. Жиналыс жүргізушілері шағын орталықтың тәрбиешілері күн тәртібіндегі мәселелерді толықтай қамтып, 2022-2023 оқу жылындағы тәрбиелеу білім беру үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері, тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамытудың бағыттары: физикалық дамыту; коммуникативтік дағдыларды дамыту; танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту; шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту; әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы іске асырылатыны жөнінде түсінік берді.
Шағын орталық психологы Рахимберлина А.Н “Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуындағы алатын орны(ата -аналарға кеңес)берілді.