«Мектеп күні - 2022» бағдарламасына сәйкес екінші бөлімі тәрбие бағытында өткізілді.

Дата: 2022-05-12 12:25:08
«Мектеп күні - 2022» бағдарламасына сәйкес екінші бөлімі тәрбие бағытында өткізілді.

Мектеп-лицейде қалалық білім бөлімінің «Мектеп күні - 2022» бағдарламасына сәйкес екінші бөлімі тәрбие бағытында өткізілді.
Мақсаты: Инновациялық идеяларды сыныптан тыс іс – шараларға енгізу, коллаборативті орта қалыптастыру.
9 сыныптың сынып жетекшілері Бақытқызы Перузия және Тайжанова Қарлығаш Байкеновна өткізген «Жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы» тақырыбындағы ұшқыр ой алаңында 9 сынып оқушылары Жүсіпбек Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» - деген сөзін басшылыққа ала отырып, «Американдық парламенттік форматта» үкімет және оппозиция тарапында пікір таласты.
«Бектау-Ата» шаңырақ тобы, 1б, 4в сыныбының сынып жетекшілері Құтжанова Анар Мәжитқызы және Тергеубаева Күлпан Амановнаның ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ – Парасатты азамат» тақырыбындағы сынып сағаты- «Мектеп-оқушы-ата-ана» үштік одақ жүйесін арттыруда адами құндылықтардың қалыптасуына негіз болу мақсатындағы семинар - тренинг болды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы және 2022 жыл - БАЛАЛАР ЖЫЛЫ аталуына орай «Тоқырауын» шаңырақ тобы 4в, 4ә,7а, 8а сыныптарымен Тулкина Динара Муратовна, Кульбаева Ботагоз Танирбергеновнаның ұйымдастыруымен бельгиялық жазушы Морис Метерлинктің «Синяя птица» пьесасының сахналық қойылымы көрсетілді.
«Тәрбиелі - ұрпақ, тамырлы болашақ» стратегиясын жүзеге асыру мақсатында өткізілген іс-шаралар ұстаздардың кәсіби шеберліктерін көрсетуімен бірге оқушылардың жан-жақты танымдарының артуына негіз болды.