«Заманауи білім тенденциялары» атты пікірсайыс турнирі

Дата: 2022-05-12 11:59:57
«Заманауи білім тенденциялары» атты пікірсайыс турнирі

Балқаш қаласының білім бөлімі, Балқаш қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен жас мамандар арасында «Заманауи білім тенденциялары» атты пікірсайыс турнирі өтті.
Дебат турнирінде қалалық білім беру ұйымдарының жас мамандары пікірталасты. Мектеп-лицейіміздің «Әлихан мұрагерлері» клубы тарапынан тарих пәнінің мұғалімі Қасқабайұлы Әбдібек және көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жанат Еламан қатысты.
3 раундқа жалғасқан плей-офф ойындарының нәтижесінде мектеп-лицейіміздің құрамасы финалдық ойындарға абсолютті жеңіспен топ жарып шықты.
Қалалық турнирдың финалдық ойындарының нәтижесінде, мектеп-лицейіміздің құрамасы жүлделі I орынды иеленді.