БҰҰ моделі форматындағы (Model United Nations, MUN) дебат турнирі

Дата: 2022-03-14 14:42:34
БҰҰ моделі форматындағы (Model United Nations, MUN) дебат турнирі

05.11.2021 күні мектеп-лицейде БҰҰ моделі форматындағы (Model United Nations, MUN) дебат турнирі өтті.

БҰҰ моделі форматы (MUN) – бұл ғылыми конференция мен рөлдік ойынның синтезі негізінде құрылатын дебаттың ерекше форматы. MUN форматында студенттер мен жоғарғы сыныптың оқушылары БҰҰ ұйымы органдарының жұмысын атқара отырып, дипломатиялық, көшбасшылық, ораторлық және тілдік дағдыларды меңгереді.

Турнир екі саммит-конференция бойынша өтті:

1.Климаттық конференция. Күн тәртібінде қаралған резолюция – Климаттың өзгеруі және оның әлемдік қауіпсіздік үшін ықтимал зардаптары.

2.Қауіпсіздік конференциясы. Күн тәртібінде қаралған резолюция – Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті және тұрақтылықты сақтау.

https://www.instagram.com/p/CV5uesfIUhi/?utm_source=ig_web_copy_link