"МҰЗ АЙДЫНЫ МЕН ҚАРДАҒЫ ҚУАНЫШТЫ КҮН"

Дата: 2022-02-22 23:21:12
 
19.02.2022 ж
Мектеп- лицей кортында "МҰЗ АЙДЫНЫ МЕН ҚАРДАҒЫ ҚУАНЫШТЫ КҮН" атты спорттық іс- шара ұйымдастырылды.
Спорттық шара төрткүл әлем тамашалаған спорт саңлақтарының сайысы- 24 - қысқы олимпиада ойындарының жабылуына және де биылғы жылдың БАЛАЛАР ЖЫЛЫН атап өтуге арналды. Сонымен қатар Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Дені саудың – жаны сау» денешынықтыру апталығының ашылу салтанаты болып өтті. Іс-шара мектеп- лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызының құттықтау сөзімен бастау алды.
Спорттық шара барысы:
«Отбасылық эстафеталық сайыс»
«Мәнерлеп сырғанау»
«Коньки тебу жарысы»
«Шаңғы жарысы»
«Қозғалмалы ойындар»
түрлерінен өткізілді.
 «Оқушы – ұстаз – ата-ана» — үштік одақ ынтымақтастығы» бірлесіп қатысқан сайыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, марапатталды.
"Парасат" аналар мектебінің мүшесі, 5ә сыныбының ата - анасы Айгүл Аманжолқызы барша қатысушыларға қолдау жасап, таза ауада ыстық шайы мен ыстық бәлішін ұсынып, ерекше пейілін білдірді.
Мектеп – лицейдің «Ұлағат» аталар- әкелер кеңесі мүшесі М.Сабанбаев және ата -аналар қауымдастығы мүшесі А.К Нурмағамбетова түйінді сөз алып, мектеп-лицей ұжымына, қатысушыларға зор алғыстарын білдірді.