«Достық шеңбері»

Дата: 2021-11-15 17:00:15
«Достық шеңбері»

03.11.2021 күні «Күз кереметтері» іс-шаралар жоспарына сәйкес, оқушылардың күзгі демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 7-9 сыныптарға арналған «Серілер» ұлдар клубының «Достық шеңбері» атты онлайн тренингі өткізілді.
Онлайн-тренингтің мақсаты: Ер балалар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу, оқушылардың өмірдегі өз орнын табуға көмектесу, жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу, жақсы қасиеттерді бала бойына дарыту, жасөспірімдердің психикалық денсаулығын жақсартуға, жаңа ортаға бейімделуіне, қоғам арасында қарым-қатынасты қалыптастыруға, өз-өзін реттеуге бағыт-бағдар беру.
Онлайн-тренинг барысында мектеп-лицей психологі Тлеуберлина А.Г. әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын, тренинг, жаттығулар және тағы басқа да әртүрлі қызықты психологиялық әдіс-тәсілдерді қолданды.
«Серілер» ұлдар клубының жетекшілері – Сатбек С.К. және Бейсембай С.С. ер балаларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін сыйлауға, қамқор болуларына, қиналғанда қол ұшын беруге, бірлікпен пен татулыққа баулу мақсатында «Дос және достық» тренинг-сабағын өткізді.