Художественный мир “Загадочного творца” Әдеби қонақ үй кешіне шақырады...

Дата: 2013-02-20 05:49:03
Художественный мир “Загадочного творца” Әдеби қонақ үй кешіне шақырады...

Жалпы білім беретін №15 мектебінде жылсайын классикалық шығармаларға арналған әдеби салон өтеді. Биылғы жылы «Художественный  мир «загадочного творца»атты Михаил Юрьевич Лермонтовтың шығармаларына арналған қойылым өтті.

      Қойылымға қатысушылар жазушының сол кездегі өмірін, ішкі және сыртқы дүниесін «Демон»,  «Маскарад», «Герой  нашего времени» шығармаларының үзінділер оқуы арқылы көрсете білді. Қойылымға қатысушылар өздерінің әртістік шеберліктерін, мәнерлеп оқу арқылы өздерін жоғарғы деңгейде көрсетті.

Сол замандағы киімдер, жиһаз-жабдықтар және музыкалық әуенмен Михаил Юрьевич Лермонтовтың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар қойылымды әрлендіре түсті.

Қойылымға қалалық білім бөлімінен, оқушылар мен ата-аналар, қаланың ұстаздары қатысып, ризашылықтарын, қойылымның өте жоғары деңгейде өткенін айтты. Осындай қойылымдар оқушылардың жеке тұлға ретінде көрінуіне, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыруға көп көмегін тигізді.