Балалар күніне байланысты өткен «Қала болашағы- балалар көзімен» атты асфальтқа сурет салудан қалалық байқауы

Дата: 2012-09-01 06:30:13
Балалар күніне байланысты өткен «Қала болашағы- балалар көзімен»  атты асфальтқа сурет салудан қалалық байқауы

 

2012 жылдың 1 маусымында қалалық мәдениет үйінің алдында балаларды қорғау күніне байланысты «Қала болашағы - балалар көзімен» тақырыбында асфальтқа сурет салудан байқау болып өтті. Қала мектептерінің бастауыш сынып оқушыларынан топ құрылып, әр топта 10 бала өнер көрсетті. Сайыс ережесі бойынша жұмысқа 45 минут уақыт берілді. Қазылар алқасы тарапынан балалардың сурет салу шығармашылығы, сыртқы бейнесі, топ төсбелгісі бағаланды. Байқауға барлық мектептер белсене араласып, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.