Размер шрифта:

"Ауылдағы екі апта "жобасы аясында

Дәреже: Жобалар
Дата: 2022-04-13 16:02:09
"Ауылдағы екі апта "жобасы аясында 2022 жылдың 12 сәуір күні "Көктемгі ауыл тынысы» атты презентация көрсетілді. Мақсаты: Көктемгі табиғатта болатын өзгерістерді, олардың жыл мезгілдерін сипаттайтын басты ерекшеліктерін түсіндіру. Жыл мезгілдері туралы жалпы түсінік беру барысында,  табиғат құбылыстарының өзгеріп отыратын отыратынын түсінуге жағдай туғызу. Осы орайда өз...

«Спорттық жетістіктерімді қалама арнаймын»

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2022-04-13 15:41:18
«Спорттық жетістіктерімді қалама арнаймын»
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және Балқаш қаласының  85 жылдық мерекесіне орай дене шынықтыру  пәні мұғалімдері Т.А.Молдажанова мен З.Ә.Ахметтің ұйымдастыруымен 5 А, 5 Ә сыныптары арасында «Спорттық жетістіктерімді қалама арнаймын» атты спорттық жарыс өткізілді.

Балқаш қаласының 85 жылдығына орай

Дәреже: Сынып сағаттары
Дата: 2022-04-12 13:03:53
Балқаш қаласының 85 жылдығына орай
Балқаш қаласының 85 жылдығына орай мектеп- лицейіміздің бастауыш сыныптарында "Гүлдене бер, ару қала Балқаш", 5-8  сыныптарда "Менің қалам- менің тағдырым", 9-11 сыныптарда "Біз тұратын қала" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттары  қаламыздың əнұранын  орындаумен ашылып, қаламыздың тарихы, қалаға еңбегі сіңген тұлғалар, т.б.  көптеген...

Ақпараттық стенд

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2022-04-12 13:00:24
Ақпараттық стенд
Балқаш қаласының 85 жылдығына орай 6 В сынып оқушылары қаламыздың тарихы туралы "Сүйікті қалам- Балқашым" атты ақпараттық стенд жасады. Сынып   жетекшісі: Л.К.Байжуманова

11.04 оқушылардың тамақтану сапасына мониторинг

Дәреже: Дұрыс тамақтану
Дата: 2022-04-12 12:46:09
11.04 оқушылардың тамақтану сапасына  мониторинг
11.04 оқушылардың тамақтану сапасына  мониторинг жүргізу бракераждық  комиссиясының кезекті тексерісі өтті. Асханада балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын бақылау нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық шектеу шаралары бұзылмағаны анықталды. Ас дайындау бөлмесіндегі ыдыс-аяқтар таңбаланған және жеке арнайы шкафта сақталған. Барлық асхананың бөлмелері құрғақ және санитарлық талап...

“SaNa” дебат клубы

Дәреже: "Ұшқыр ой" алаңы
Дата: 2022-04-11 09:48:33
 “SaNa” дебат клубы
Балқаш қаласының 85 жылдығына арналған мектеп оқушылары арасында қалалық пікірсайыс (дебат) турнирінде жүлделі I орынды “SaNa” дебат клубының “ArZu” фракциясы иеленді.

«Қауіпсіз ғаламтор»

Дәреже: Сынып сағаттары
Дата: 2022-04-11 09:46:07
«Қауіпсіз ғаламтор»
4-9 сәуір аралығында 1-11 сынып оқушыларына бөгде адамдармен ғаламтор желісінде қарым-қатынаста болуының алдын алу мақсатында «Қауіпсіз ғаламтор» тақырыбында сынып сағаттары өтті.

«Мыс өнген өлкеде.....» кітап көрмесі

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2022-04-11 09:32:15
«Мыс өнген өлкеде.....» кітап көрмесі
«Мыс өнген өлкеде.....» кітап көрмесі Кешегісі тарих, бүгіні бекем, болашағы жарқын мыс шаһарымыз Балқаш қаласының іргетасы қаланғанына - 85 жыл. Соған орай, мектеп-лицейіміздің кітапханасында «Мыс өнген өлкеде.....» кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.  Көрмеге жергілікті ақын-жазушыларымыздың еңбектері және қала тарихынан сыр шертетін әдістемелік-библиогра...

Экологиялық акция

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2022-04-11 09:31:00
Экологиялық акция
Бүгін, 09.04. күні  өскелең ұрпақты табиғатты аялауға тәрбиелеу, қаламызды тазартуға және көркейтуге үлес қосу мақсатында  мектеп ұжымының жəне 7-8  сынып оқушыларының қатысуымен экологиялық акция өтті. Сенбілікке қатысу арқылы білім алушылар қаламызға деген сүйіспеншілігін жеткізіп, партиоттық танытты.

«Көңілді старт» спорттық жарысы

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2022-04-06 18:36:37
«Көңілді старт» спорттық жарысы
6 сәуір- Бейбітшілік пен даму үшін халықаралық спорт күніне орай дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері З.Ахмет пен Т.А.Молдажанованың ұйымдастыруымен 4-6 сыныптар арасында «Көңілді старт» спорттық жарысы өтті. Жарыстың мақсаты: оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер мен адамдық қасиеттерді дамы...

«Тарих, Тағылым, Таным»

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2022-04-06 14:18:29
«Тарих, Тағылым, Таным»
Биылғы жылы қазақ батыры, Тәуке ханның кеңесшісі, Орта жүздің атақты билерінің бірі Қазыбек Келдібекұлының туғанына 355 жыл толады. Осыған орай  11 Ә сынып жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Е.Т.Карибжанов 2022 жылдың 5 сәуір күні 10 – сынып оқушыларымен «Тарих, Тағылым, Таным» атты зияткерлік сайысын өткізді.

3 сәуір - Геологтар күні

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2022-04-05 16:18:28
3 сәуір - Геологтар күні
2022 жылдың 4 сәуір күні 8 Ә, 8 В  сынып жетекшілерінің  ұйымдастыруымен 3 сәуір - Геологтар күніне  орай  геология мамандығының қыр – сыры туралы  туралы сыныптан тыс іс- шара  өтті.

бiрiншiсi 1 104 105 106 107 108 204 соңғысы