Асем
11.12.2020, 12:43
Сұрақ / Обращение #686
Салематсыз ба! Балабақшаға неше жастан қабылданады?
Ответ
Сәлеметсіз бе! Балабақшаға 2 жастан бастап қабылдаймыз.
Айнур
9.12.2020, 17:55
Сұрақ / Обращение #681
Бала бакшада косымша тарбеие сагатынан тыс жумыс жургизилеме?
Ответ
Сәлеметсіз бе. Балабақшада ұйқыдан кейін балалармен жеке-жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: ағылшын тілінен, психолгпен жұмыс, тәрбиешілер балалармен дидактикалық ойындар арқылы жеке-жұмыс жүргізеді.
Гулим
9.12.2020, 15:29
Сұрақ / Обращение #679
1.Баланың бала бақшаға бейімделуі? 2.Баланың бала бақшадағы күн тәртібі?
Ответ
Сәлематсызба! 1. - Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз. - Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз - Үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз. - Баланың «социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады. - Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын Сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз Сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз. - Бірінші күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға. Сондай – ақ балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал. - Жоспарлаңыз, балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні – ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада 3 – 4 сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады. 2. Күн тәртібі. Кіші «Балапан» топ Баланың мектепке дейінгі ұйымдағы күн тәртібінің уақыты 2020-2021 оқу жылы . 10,5 сағатқа шамаланған Күн тәртібінің реті Уақыты (сағат,мин) «Қайырлы таң!» балаларды қабылдау, тексеру ,ойындар ,ертеңгілік гимнастика. Гигиеналық шаралар. Таңғы ас.Ойындар,ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық 7.30-09.00 «Ойнайық та ойлайық» ұйымдастырылған оқу қызметі 09.10-09.50 «Табиғат аясында» Серуенге дайындық.Серуен табиғатпен таныстыру,ойындар еңбек.Серуеннен оралу.Гигиеналық және шынықтыру шаралары 10.00-11.00 «Ас адамның арқауы» Түскі ас 11.30-12.00 «Тәтті ұйқы» Гигиеналық және шынықтыру шаралары .Күндізгі ұйқыға жатқызу 12.20-15.00 «Ұйқымызды ашайық» ояну шынықтыру шаралары 15.00-15.30 «Ас адамның арқауы" Кешкі ас 15.30-16.00 «Алақай ойын!» Сюжеттік рөлдік шығармашылық және дидактикалық ойындар .Серуенге дайындық ,серуен ,қимылды ойындар.Гигиеналық және шынықтыру шаралар 16.00-17.00 «Ертеңгедейін...» Балалармен ,ата-аналармен қарым қатынас.Балалардың үйге қайтуы. 17.00-18.00
Ботакоз
31.10.2020, 18:34
Сұрақ / Обращение #666
Мен улымды психолка корсетейин деп едим улым 12жаста калай корсетсем болады
Ответ
Сәлеметсізбе! Мекетептің психологына жолығыңыз
Captcha