Жаңалықтар

Қалалық «Қазақтың ұлттық бұйымдары» атты қолөнер байқауы

Дәреже: Байқау
Дата: 2022-03-30 21:49:44
Қалалық «Қазақтың ұлттық бұйымдары» атты қолөнер байқауы
Қалалық «Қазақтың ұлттық бұйымдары» атты қолөнер байқауына №16 жалпы білім беретін мектебінің 1«Г» сынып оқушысы Талысова Диляра қатысып, жүлделі  I орынмен марапатталды. Жеңісімен құттықтаймыз! Талабың таудай болсын!

7-8 сыныптар арасында волейбол ойыны

Дәреже: Спорттық іс-шара
Дата: 2022-03-30 21:47:39
7-8 сыныптар арасында волейбол ойыны
Көктемгі демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспары аясында дене шынықтыру мұғалімдері 7-8 сыныптар арасында волейбол ойынын өткізді. Спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол. Волейбол адамды коллективтік қимылға, жеке бас мүддесінің команда мүддесіне бағындыра білуге, тәртіпті болуға, өзгелерге дер кезінде көмекке келуге үйретеді.

Қалалық «Отбасылық альбом» атты мектептер арасында отбасылық бейнеролик байқауы

Дәреже: Байқау
Дата: 2022-03-30 21:42:12
Қалалық «Отбасылық альбом» атты мектептер арасында отбасылық бейнеролик байқауы
Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық «Отбасылық альбом» атты мектептер арасында отбасылық бейнеролик байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: - Отбасылық құндылықтарды насихаттау; - Дәстүріміз бен мәдениетіміздің діңгегі болған асыл құндылықтарды насихаттау; Байқаудың нәтижесі бағалау критерийлеріне сәйкес шығарылды. Байқаудың жеңімпаздары: Бас жүлде №2 мектеп-интернат...

Алғашқы жедел жәрдем жаттығуларын көрсету дәрісі

Дәреже: Кәсіби бағдар
Дата: 2022-03-30 21:39:59
Алғашқы жедел жәрдем жаттығуларын көрсету дәрісі
№16 жалпы білім беретін мектебінің кәсіби бағдар беру кабинетінде кезекті іс-шара өтті. Балқаш қаласы медициналық колледжінің фельдшер мамандары мектеп оқушыларына алғашқы жедел жәрдем жаттығуларын көрсету дәрісін өткізді. Бұл медицинаға деген қызығушылығы бар оқушылар үшін маңызды. Осындай іс-шаралар арқылы оқушылар мамандықтың түрін таңдауға бейімделеді. Сонымен қоса, кез-келген өмір жағдайын...

Талапкерлерге арналған кәсіби сынама

Дәреже: Кәсіби бағдар
Дата: 2022-03-30 21:28:58
Талапкерлерге арналған кәсіби сынама
Мектебіміздің  9 – сынып оқушылары тоқсандық  демалыстарын тиімді пайдалану және  дұрыс мамандық таңдау мақсатында, Балқаш қаласы колледждерінің ұйымдастыруымен  Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде  өткен  талапкерлерге арналған кәсіби сынамаға қатысты. Кәсіби сынаманың негізгі мақсаты - қатысушыларға болашақ мамандықтарын таңдауға...

8 сыныптар арасында баскетбол ойын жаттығулары

Дәреже: Спорттық іс-шара
Дата: 2022-03-30 21:23:17
8 сыныптар арасында баскетбол ойын жаттығулары
Көктемгі демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспары аясында дене шынықтыру мұғалімдері 8 сыныптар арасында баскетбол ойын жаттығуларын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға допты себетке лақтырудың әдіс-тәсілдерін үйрету. Шынығу жаттығуларын жасату арқылы шапшаңдық, күштілік және төзімділік қасиеттерін арттыру.

Ұшқыр ой алаңы» республикалық пікір- сайыс турнирінің қалалық кезеңі

Дәреже:
Дата: 2022-03-30 17:37:22
Ұшқыр ой алаңы» республикалық пікір- сайыс турнирінің қалалық кезеңі
2022 жылдың 26 қаңтарында пікір-сайыс (дебат) қозғалысын дамыту және өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттау мақсатында Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен APD (American Parliamentary Debate) форматында «Ұшқыр ой алаңы» республикалық пікір- сайыс турнирінің қалалық кезеңі өтті. Турнирге қала мектептерінің 8-10 сынып оқушыларынан құралған қазақ лигасынан 10 команда, орыс лигасынан 7...

14-15 желтоқсан аралығында Оқушылар сарайында дебат турнирі

Дәреже:
Дата: 2022-03-30 17:35:23
14-15 желтоқсан аралығында Оқушылар сарайында дебат турнирі
  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және қала мектептерінің оқушылары арасында мектеп пікірсайыс қозғалысын дамыту мақсатында 2021 жылдың 14-15 желтоқсан аралығында Оқушылар сарайында дебат турнирі ұйымдастырылды. Турнирге қала мектептерінің қазақ лигасында 10 команда және орыс лигасында 7 команда белсенді қатысты. Турнир барысында жас спикерлер қарарлар бойынша өз...

Мектеп оқушылары арасында облыстық пікірсайыс турнирі

Дәреже:
Дата: 2022-03-30 17:26:08
Мектеп оқушылары арасында облыстық пікірсайыс турнирі
Қарағанды облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балаларға арналған облыстық қосымша білім беру ғылыми -педагогикалық орталығы 2021 жылдың 14-15 қазан аралығында Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған мектеп оқушылары арасында облыстық пікірсайыс турнирін ұйымдастырды. Турнирге аудандық және қалалық кезеңдердің жеңі...

дебат турнирінің қалалық кезеңі

Дәреже:
Дата: 2022-03-30 17:20:35
дебат турнирінің қалалық кезеңі
Қала мектеп оқушылары арасында мектеп пікірсайыс қозғалысын дамыту және танымал ету мақсатында және «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми -практикалық орталығының жоспарын іске асыру аясында 2021 жылдың 7 қазанында «Оқушылар сарайы» КМҚК және «Білім бөлімі» ММ-мен бірге дебат турнирінің қалалық кезеңін ұйымдастырды. Турнирге қала мектептерінің қазақ лигасында 8 ко...

2022 жылдың 30 наурызында "№10 ЖББМ" КММ Балқаш қаласы мектептерінің мұғалімдеріне арналған "Learnis білім беру платформасы"тақырыбында АКТ-құзыреттілігі семинары өтті.

Дәреже: Хабарландыру
Дата: 2022-03-30 16:48:49
2022 жылдың 30 наурызында
2022 жылдың 30 наурызында "№10 ЖББМ" КММ Балқаш қаласы мектептерінің мұғалімдеріне арналған "Learnis білім беру платформасы" тақырыбында АКТ-құзыреттілігі семинары өтті.    Мақсаты: оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру және сол арқылы оқытудың тиімділігін арттыру.   Learnis білім беру қызметін сабақтарда қолданудың өзектілігі оқу компонентінен...
Автор: №10 ЖББОМ

«Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, проблемалар, перспективалар» форумы

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-03-30 15:55:21
«Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, проблемалар, перспективалар» форумы
Форумға Балқаш қаласының мектепке дейінгі мекемелерірен 17 делегат барып қатысып қайтты. Форумның мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда білім беруді басқару мен сапасындағы проблемаларды анықтау. Форум 2 кезеңде өтті: пленарлық отырыс және секциялық алаңдар жұмысы. Пленарлық отырыс Форум барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту жолдары, мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің...

бiрiншiсi 1 541 542 543 544 545 2016 соңғысы