Размер шрифта:

Құқық бұзушылықтың алдын-алу

Құқық бұзушылықтың алдын-алу

«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі»КММ-де Балқаш қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Полиция басқармасының ПП ротасының командирі, полиция капитаны Бидайбеков Данияр Нурмахамбетовичпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде полиция капитаны «Құқықтық жалпыға бірдей оқыту» бағдарламасы шеңберінде нашақорлықтың алдын алу, Интернет алаяқтық, Жолда жүру ережелері жайында дәріс сабағын жүргізді. Оған мектебіміздің 8-11 сыныптар аралығындағы оқушылар қатысты. Дәріс барысында оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап таба білді.

Дата: 5.09.2023, 8:05 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі