«АҚБЕРЕН» олимпиадасының жеңімпаздары

     «АҚБЕРЕН»  олимпиадасының  жеңімпаздары

       «Ақберен» республикалық  олимпиаданың  қалалық   кезеңі  8 ақпан   күні, қаламыздағы  №7 Сакен  Сейфуллин   атындағы   мектеп   гимназиясында    салтанатты  түрде   ашылды. Осы   олимпиадаға  өз   өнерін    ортаға   салуға Абай   атындағы  №2   лицейден  6   оқушы  қатысты. Әділ  қазылар   алқасының  шешімімен   «Ақындар мүшәйрасы»  байқауында  1-ші орынға   ие  болған  10 А сынып  оқушысы  Абеуов  Дидар  облыстық олимпиадаға  жолдама   алды.

       «Ақындар  айтысы» байқауында  Абеуов  Дидар - 2  орынға ие болды. «Шешендік  өнер» байқауы бойынша  қатысқан  8В сынып  оқушысы Аманболды Күміс 2 орын, «Көркем сөз»  байқауында  Сәбит Сырым 8Б  сынып  оқушысы - 3 орынға ие  болды.

        «Эссе  жазу»   байқауында    9В   сынып  оқушысы Сәтибек Әмина 3-ші орынға  ие  болды. Облысқа  баратын  оқушымыз  Абеуов Дидарға сәттілік тілейміз! Оқушыларды  дайындаған  ұстаздар С. Имухаметоваға, А.Балтабайға, Ғ.М. Амирбаеваға, Ж. Болатқа шығармашылық табыс тілейміз.

Дата: 8.02.2020, 22:10 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі