Ақпар

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде                                            2014-2015 оқу жылында  «Ауғанның от жалыны » тақырыбында өткен іс-шаралар бойынша анықтама.

18 ақпан 2015 жыл.

    ЖББ №25 орта мектебінде 16 ақпан күні «Ауғанның от жалыны» тақырыбында 1-11 сыныптың білім алушыларына арналған сап жиыны өтті. Сап жиынында Ауған соғысының құрбандарын еске алу мақсатында 1 минуттық үнсіздіктен бастадық. Сонымен бірге кезекшілік атқарған 9А сыныбының білім алушылары Ауған соғысы жөнінде мәліметтер беріп жерлестеріміз Балқаштық 100 жауынгерімізге тоқталды.Жылда өтетін  қалалық Самат Нұрғалиевті еске алуға байланысты  спорттық сайыстарға мектебімізден қатысқан  білім алушыларымыз  жүлделі орындарды иемденді.   Олар Әлімхан Абылай ІІ орын, Үсенов Азамат І орын, Маутанбеков Айбат ІІ орын, Кенбабин Ахат ІІІ орын иемденді.

           14 ақпан күні №3 мектептің білім алушылары мен бірлесіп өткізген  «Сапта тұрып , ән айту» байқауында 8  сыныптың командасы жүлделі  І орынды  9А сыныбы ІІ орынды иемденді. Бұл іс-шараға тыл ардагері Тоқабаев Серікбай атай келіп, өз ойымен бөлісті. Әр бала өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.

          14 ақпан күні өткізілген 1-11 сыныптың сынып сағаттары  «Ауған соғысының 26 жылдығына » арналды.

         Мектептің аға тәлімгері мен өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері радиоторабтан осы тақырыптарда радиохабарлама оқыды. 6-11 сыныптың білім алушылары бейнефильмдер көрсетілді. Әр өткізілген іс-шарадан әр білім алушының жүрегінен өз еліне, жеріне, батырларына деген мақтаныш сезімдерін байқатты. Әр уақытта біздің барлығымыз ардагерлерімізді құрметтеп, ерліктерін ұмытпауымыз керек.

 

Мектеп директорының м.а                          А.К.Оспанова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде                                            2014-2015 оқу жылында  «Ауғанның от жалыны » тақырыбында өткен іс-шаралар фотоколлажы.

18 ақпан 2015 жыл.

 

20150214_110804.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Фото0034.jpg20150214_111449.jpg

 

 

 

 

 

 

 

Фото0037.jpgФото0036.jpg

Дата: 7.04.2015, 18:45 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп