«Физикалық жекпе-жек»

Ы.Алтынсарин атындағы 25 ЖББ мектебінде "Ғылым және технология" жаратылыстану сауаттылық апталығының 3 күнінде, 7- 11 сынып оқушылар арасында «Физикалық жекпе-жек» мектепшілік турнир өтті. Оқушылар өзара сайысқа түсіп,бағалау критерийлары бойынша (мәселені шешудің дәлдігі,талдау тереңдігі және мәселені түсіну,логика және пайымдау дәйектілігі,топтық жұмыс және өзара әрекеттесу) бағаланды.Турнирдің мақсаты: физика пәніне деген қызығушылықты арттыру,жарыс физикалық ойлауды, логиканы, топтық жұмысты және теориялық білімді физика саласындағы практикалық мәселелерде қолдана білуді дамытуға ,білім алушылардың ойын нақты, әрі толық жеткізе алуына,дебаттық элеметтерді жақсартуға бағытталған.

Дата: 16.04.2024, 12:56 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп