«Бір шаңырақ астында» атты әңгіме сағаты өткізілді...

«Бір шаңырақ астында» атты әңгіме сағаты өткізілді...

 

  1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан, татулықтың тірегі болған Қазақстанда барлық ұлт өкілдері бірінші мамырды ерекше атап өтеді.

Осыған орай сәуірдің 30 жұлдызында №3 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен М. П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернатында «Бір шаңырақ астында» атты әңгіме сағаты өткізілді.

Шара барысында оқушылар кітапханашылардың мереке тақырыбына арналған шағын баяндамаларын тыңдап, Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрімен, тарихымен танысты.
Оқушылар өткізілген іс-шара туралы алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. Шара соңында «Ынтымақ – достық кепілі» атты бейнебаян көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Дата: 2.05.2019, 10:43 Автор: Мектеп-интернат №2