«ZhasSkills Kazakhmys-2023»

«ZhasSkills Kazakhmys-2023»

2023 жылдың 07 желтоқсан күні ЖШС «Қазақмыс корпорациясы» Балқаш политехникалық колледжі базасында «ZhasSkills Kazakhmys-2023» чемпионатының соңғы шешуші байқауы өтті. 

Мақсаты: Ерте кәсіптік бағдар беру және мектеп оқушыларын кәсіби даярлау.

Байқаулар «Дәнекерлеу ісі», «Электр монтаждау», «Сантехника және жөндеу жұмыстары», «Металлургия» құзыреттері бойынша өткізілді. Қорытынды бөлімге екінші іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 32 оқушы қатысты.

Байқауға мектебіміздің оқушылары Кентбай Гүлназ , Имандыгулов Ақниет, Басшыбай Әли, Дерингер Елизаветта қатысты. 

Орындалған конкурстық тапсырмалардың нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды.

Мектебіміздің оқушысы Дерингер Елизаветта ІІ орынды жеңіп алды. 

Жеңімпаздарды диплом және ақшалай сыйлықтармен марапаттады. 

Құттықтаймыз! Оқушыларымызбен мақтанамыз!

#Қарағандыоблысыбілім09

#uo_krg

@orken.media

@balkhashtv

@severnoe_pribalkhashe_news

@balqash_oniri_gazeti

@balqash_qalasy_akimdigi

@umckrg

@balqash_qalasy_bilim_bolimi

Date: 14.12.2023, 22:33 Author: School №24